logo

Аскат Жақаев — Қазақстан спорт журналистері федерациясының бас директоры!

Аскат Жақаев — Қазақстан спорт журналистері федерациясының бас директоры!

Біз қуанышты жаңалықпен бөлісеміз: Sport+ телеарнасының директоры, танымал қазақстандық журналист және медиа-менеджер Аскат Жақаев Қазақстан спорт журналистері федерациясының бас директоры болып сайланды.

Аскат Саруарбекұлы өзін «Қазақстан», «КТК» телеарналарында, «Наш спорт» интернет-порталында, «Қазақ радиосы» және «Русское радио Азия» радиостанцияларында, «Караван» газетінде, «Футбольные вести» журналында еңбек етіп, жарқын журналист әрі комментатор ретінде танытты.  

2013 жылы Қазақстан спорт журналистері федерациясының президенті болды. Аскат Жақаевтың мансабындағы келесі маңызды кезең — «Хабар» телеарнасының спорттық хабар тарату бөлімінің басшысы қызметі. 2024 жылдан бастап Sport+ телеарнасының директоры қызметін атқарып келеді.

«Спорт журналистикасының дамуы жалпы спорт саласының дамуымен қатар жүруі керек. Әлемде бұл үрдіс спорт журналистикасының одақтары, қауымдастықтары мен федерацияларының арқасында сақталып келеді, және Қазақстан да бұл бағыттан қалыс қалмауы тиіс. Өткен жылдың мамыр айында мен AIPS халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының 86-шы Конгресіне қатыстым. Сол кезде Испанияның Санта-Сусанна қаласында әлемдік спорт журналистикасының ең үздік өкілдері, оның ішінде AIPS президенті Джанни Мерло жиналды. Маған Қазақстанда „Young Reporter“ халықаралық спорт журналистері форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізу мүмкін болды, бұл еліміздегі спорттық БАҚ-тың дамуына серпін береді. Қазақстан спорт журналистикасы федерациясының бас директоры болып сайлану — мен үшін үлкен құрмет. Әріптестеріме сенім білдіргені үшін алғысымды білдіремін және жаңа қызметімде нәтижелі жұмыс істеу үшін бар күш-жігерімді салуға уәде беремін», — деді Аскат Жақаев Sport+ арнасына берген сұхбатында.



Күн шежіресі