logo

Аружан Сағандықова ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Аружан Сағандықова ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Астанада ITF World Tennis Tour W15 сериясындағы турнирдің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Sport+.

Ширек финалда Аружан Сағандықова Беларусь өкілі Улдазислава Звереваны 5:7, 6:0, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, ерік-жігерінің арқасында жеңіске жетті. Жарыстың финалына жолдама үшін Аружан әлемдік WTA рейтингінде 739-орында тұрған ресейлік Эдда Мамедовамен кездеседі.

Қазақстанның тағы бір спортшысы Іңкәр Дүйсебай ширек финалда тартысты өткен матчта ресейлік Екатерина Хайрутдиноваға 7:6 (7:3), 2:6, 2:6 есебімен есе жіберді.



Күн шежіресі