Артур Шушеначев «Қайрат» жанкүйерлеріне: Мен «қош бол» деп айтпаймын, «кездескенше» деймін
«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Артур Шушеначев клуб жанкүйерлерімен қоштасты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Құрметті «Қайрат» жанкүйерлері, міне, қош айтысатын сәт те жетті. Барлығы өте тез болды. Бірақ бұл футбол өмірі. Бала кезімде мен өзімді сары және қара футболкамен елестететінмін, ал бүгін мен біздің ұлы клубта өткізген әр минутымды мақтан тұтамын. Қазақстан чемпионаты мен Кубогындағы жалпы жеңістерге көз жүгіртсек, осы жеті жыл ішінде мен сары-қара отбасының бір бөлігі болған кезімде Қайрат Боранбаевқа зор алғысымды білдіргім келеді. Оған және сіздердің барлықтарыңызға футбол алаңында «Қайратты» қолдағаныңыз үшін ризамын.
Басшылыққа, бапкерлер штабына және клубтың барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Менің командастарыма ерекше рахмет. Бұл бірлескен жеңістер мен жеңілістер, жетістіктер мен көңілсіздіктер уақыты болды. Сіз әлі менің отбасымсыз. Мен «қош бол» деп айтпаймын, кездескенше деймін», – деп жазды Артур.
6-ақпанда Шушеначев «Хапоэль Беэр-Шевамен» 3,5 жылға келісімшартқа отырды.