logo

Артур Бетербиев Дмитрий Биволды жеңді

Артур Бетербиев Дмитрий Биволды жеңді

Ресейлік боксшы Артур Бетербиев отандасы Дмитрий Биволды жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе жекте жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

12 қазан күні әр‑Риядта өткен бокс кешінде Бивол Бетербиевке қарсы 12 раундқа шыдады. Бұған дейін 39-жасар боксшы нокаутпен 20 жеңіске жеткен еді. 

Жекпе жектің жеңімпазы атанған Бетербиевке енді WBA, IBO, WBC, IBF және WBO белдіктері тиесілі. 

Жанкүйерлер жылдың басты жекпе жегі атағына балаған кездесуге дейінгі боксшылардың нәтижесі: Бетербиев 21 жеңіс, Бивол 23 жеңіс, бір жеңіліс.