Артаев Бибосыновпен орын алған жағдай туралы: «Әкімдер әлі күнге дейін спортшыларды пәтерлермен қамтамасыз ете алмайды»
Афинады өткен Олимпиаданың чемпионы Бақтияр Артаев Сәкен Бибосыновпен болған жанжалдан кейін жергілікті шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Сәкен Бибосынов Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеевтен Токиодағы Олимпиядада алған қола медалі үшін екі бөлмелі пәтерді сыйлық ретінде алған болатын, бірақ ол жалға берілетін тұрғын үй болып шықты. Соның салдарынан боксшы әлі күнге дейін пәтерді өзіне рәсімдей алмауда.
«Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген жылдар өтті, ал біздің әкімдер әлі де спортшыларды пәтерлермен қамтамасыз ете алмайды. Мұны қалай жасау керектігін айта аламын: мәслихат сессиясында әлем чемпионына бір рет 30 миллион теңге және Олимпиада чемпионына 50 миллион теңге бекіту қажет. Содан кейін спортшы үй сатып алуды немесе бизнеске ақша салуды біледі. Осылайша олар ренішсіз, жігермен жұмыс істейді. Өкінішке орай, батырларды қолдайтын шенеуніктер жоқ», – деп жазды Артаев өзінің Instagram парақшасында.