«Арока» — «Бенфика»: матчтың тікелей эфирі және басталу уақыты
«Бенфика» бапкері Жозе Моуриньо тағы да назар ортасында қалды — ол чемпионат көшбасшысы «Портуға» қарсы матчта эмоцияға беріліп, алаңнан қуылды.
Алайда ойынның өзі тең нәтижемен аяқталды. Енді «бүркіттерді» «Арокаға» қарсы сырт алаңдағы матч күтіп тұр. Дисквалификацияға байланысты «Ерекше» атанған бапкер ойынды трибунадан тамашалауға мәжбүр болады.
«Бенфика» Примейрада жеңіліссіз сериясын жалғастырып келе жатқанымен, турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Ал «Арока» ТОП-10 қатарынан тыс орналасқан.
Кездесу 14 наурыздан 15 наурызға қараған түні сағат 01:30–да өтеді.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.