Арман Оспанов Саламат Исбулаев туралы: Ол UFC-де болады

Қазақстандық ММА ардагері Арман Оспанов «Вестник ММА» жобасына берген сұхбатында «Alash Pride» чемпионы Саламат Исбулаевтың болашағына баға берді, деп хабарлайды Sport+.
«Мен бұған дейін де айттым: егер Саламат дәл осы қалпында жүрсе, ол UFC-де болады. Саламатта бәрі бар — соққы техникасы, күресі, әрі ол сөзге де шебер. Сондықтан егер жұлдыз ауруына шалдықпаса, біз оны UFC-де көреміз. Оған Америкаға бару керек», — деді Оспанов.
Арман мен Саламат Астанада өтетін «Alash Pride» турнирінде бірге өнер көрсетеді: Оспанов UFC-дің бұрынғы чемпионы Ренан Бараомен грэпплинг бойынша жекпе-жек өткізсе, Исбулаев Бразилиялық файтермен айқасады.
Бұл жекпе-жектер мен турнирдің толық көрсетілімі Sport+ телеарнасында тікелей эфирде беріледі.