«Ақтөбе» жаңа бас бапкерін тағайындады

«Ақтөбе» клубы 62 жастағы болгариялық маман Николай Костовты команда бас бапкері қызметіне тағайындағанын хабарлады, деп жазады Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін маман Кипр, Украина, Қазақстан және Болгария клубтарында жұмыс істеген. 2002 жылы ол Кипрдің «Анортосис» командасымен бірге Кипр кубогын жеңіп алған. Қазақстанда Қарағандының «Шахтер» және Ақтаудың «Каспий» командаларының бас бапкері болған.
Оның соңғы жұмыс орны — Болгарияның «Левски» клубы. 2023–2024 маусымында оның басшылығымен команда 35 матч өткізіп, 19 жеңіске жетіп, 7 ойында тең түсіп, 9 кездесуде жеңіліп қалған.