«Ақтөбе» Гаити құрамасынан жаңадан келген футболшысын таныстырды
Гаитилік Жайро Жан «Ақтөбе» футбол клубының жаңа футболшысы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
25-жасар қапталда ойнайтын футболшы «Ақтөбеге» дейін Боливияның «Олвейс Реди» клубында ойнады. Аталмыш клуб сапында 34 матч өткізіп, 7 гол соқты.
Жан Жайро – «Сан-Кристобал» және «Жарабакоа» клубтарының тәрбиеленушісі. Гаити құрамасында 2023 жылдың маусым айында дебют жасап, содан бері 3 матч өткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram