Ақтаудағы турнирде Самусев – Жеңісұлы жекпе-жегі өтпейді
NAIZA лигасының чемпионы Балғын Жеңісұлы салмақ дәрежесінің лимитіне сыймағандықтан, оның Николай Самусевке қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды.
NAIZA 84 турнирінің жаңа басты оқиғасы Бекжан Әбілқасым мен Бердібек Сиражов арасындағы жекпе-жек болады. Бұл кездесуде чемпион Әбілқасым өз белбеуін қорғайды.
Сондай-ақ жартылай ауыр салмақтағы белбеу үшін Мирас Шантасов пен Сайхан Джемухаев жұдырықтасады.