АПЛ жеңіліс үшін реванш: «Вулверхэмптон» – «Ливерпуль» матчының тікелей эфирі
«Вулверхэмптон» 4 наурыз күні Премьер-Лиганың 29-турында сенсация жасап, «Ливерпульді» 2:1 есебімен жеңді. Жеңіс голы 94-минутта соғылды, голдың авторы — Андре.
Енді екі күннен кейін бұл командалар қайтадан кездеседі, бірақ бұл жолы Англия Кубогы аясында. Осылайша Арне Слот шәкірттері чемпионаттағы жеңіліс үшін реванш алуға мүмкіндік алады.
Айта кету керек, «мерсисайдтықтар» «қасқырларға» қарсы соңғы 9 матчтың тек біреуінде ғана — жоғарыда аталған ойында жеңілді. Қалған 8 кездесудің барлығы «Ливерпульдің» жеңісімен аяқталған.
Бұл жолы қалай болады? Мұны 6-нан 7 наурызға қараған түні сағат 01:00–де білетін боламыз.
Матчтың тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.