Ансар Қасымжанов NAIZA турниріндегі Жумен жекпе-жегі туралы: Біздің жекпе-жек жақсы шығатынына сенемін

77 келі салмақ дәрежесіндегі «Alash Pride» бұрынғы чемпионы Ансар Қасымжанов Sport+ сайтына берген сұхбатында Қарағандыда өтетін NAIZA лигасының турнирі аясындағы қытайлық Яху Жумен болатын жекпе-жекке қатысты ойларымен бөлісті.
— Бастапқыда қарсылас Грузиядан болуы керек еді, бірақ ол жекпе-жектен бас тартқан сияқты. Содан кейін Жандарбек (NAIZA матчмейкері Киссимов) тез арада жаңа қарсылас тапты. Оның жекпе-жектерін қарап шықтым — жас, рухы мықты жігіт, күресі де жаман емес. Бізде жақсы жекпе-жек болады деп ойлаймын. Барлығы мені Drama деп таниды, сондықтан бұл жолы да нағыз Big Drama Show болатынына сенімдімін, — деді Қасымжанов.
Турнир 30 мамыр күні өтеді. Барлық ивент пен Қасымжановтың жекпе-жегі Sport+ арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.