Аңсар Қасымжанов: Дамир Исмағұлов 27 мамырда бәрін таңғалдырады

Қазақстандық ММА жауынгері Аңсар Қасымжанов Дамир Исмағұловпен бірге Tobet Top Team залында дайындалып жатқанын айтып, алдағы «Alash» Pride турнирі қарсаңында Дамирдің бабына баға берді:
«Дамир тамаша формада. 27 мамырда бәрі оның шын мәнінде қандай дайындықта екенін көреді. Ол бәрін жарқын нокаутпен таңғалдырады», — деді Қасымжанов.
UFC-дің бұрынғы жауынгері Дамир Исмағұловтың жекпе-жегі турнирдің басты шайқасы болмақ. Оның қарсыласы — бразилиялық файтер Алан Патрик.
Аңсар Қасымжановпен толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.