logo

Анна Данилина Истборн турнирінің жартылай финалына шықты

Анна Данилина Истборн турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге жартылай финалға дейін жетті.

Ширек финалда Данилина мен Боузкова британиялық Джоди Беррэдж бен Сонай Картал жұбын 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.

Финалға жолдама алу үшін олар енді Майя Ламсден мен Харриет Дартты (Ұлыбритания) тізе бүктіруі қажет.



Күн шежіресі