Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина биылғы маусымда жоғары деңгейдегі ойын көрсетуін жалғастыруда. Дохада өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Анна сербиялық Александра Круничпенбірге Дабровски/Стефани жұбын сенімді түрде жеңді. Есеп — 6:3, 6:4.

Данилина үшін бұл — Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал. Отандасымыздың мұндай тұрақтылығы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін дәлелдейді.

Бас жүлде үшін Данилина мен Крунич Эррани/Паолини — Се Шувэй/Остапенкокездесуінің жеңімпаздарымен ойнайды.