logo

Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шықты

Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Кливлендте (АҚШ) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.

Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда америкалық Кармен Корли/Ивана Корли жұбын 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен жеңді.

Турнирдің жартылай финалында Анна мен Александра Чехиядан барған Анастасия Детиюк/Мириам Скох жұбымен кездеседі.

Айта кетейік, Данилина мен Крунич бұл турнирде 2022 жылы да ойнаған және финалға шыққан, бірақ жеңіліп қалған еді. Сондай-ақ биылғы жылы бұл жұп Франция ашық чемпионатының финалына дейін жеткен.