Ангелина Лукас жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) Бангкокта (Таиланд) өткен кәсіби бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Лукас Индонезия өкілі Карма Йетимен (1-3-1, 0 КО) жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек ең жеңіл салмақта өтті және екі минуттық сегіз раундқа созылды. Лукас төрешілердің бірауыздан шешімімен жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.
Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой рингте оныншы жеңісіне жетті, ал Харма Йести мансабында төртінші жеңіліске ұшырады. Алдыңғы жекпе-жегінде Лукас WIBF және WBF нұсқалары бойынша екі Әлем чемпионы атағын жеңіп алды: ол бесінші раундта Индиана Мамта Сингхті (5-2, 2 КО) нокаутқа жіберді.