Ангелина Лукас үнді боксшысын нокаутпен жеңіп, екі бірдей титулды жеңіп алды
Кәсіпқой бокстан жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Ангелина Лукас (8-1, 4 КО) үнді боксшысы Мамта Сингхты (5-1, 2 КО) жеңіп, WIBF және WBF чемпиондық белбеулерін иеленді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бокс кеші Тайланд астанасы Бангкокте өткен болатын. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Осылайша Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ал, үнді боксшысы екінші рет жеңілді.
Осылайша қазақстандық боксшы қызда қазір WBC Silver, WBC International, UBO, WIBA, WIBF және WBF белбеулері бар.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Жұмабек Өмірзақов Ангелина Лукастың «болашағы жоқ» боксшы екенін айтқан болатын.