Ангелина Лукас титул үшін жекпе-жек өткізеді
Ангелина Лукас кәсіпқой бокста кезекті жекпе-жегін өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
WIBF, WBC International Champion, UBO International Champion, WBF, UBO World Champion титулдарының иегері Ангелина Лукас тамыз айында кәсіпқой бокста кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Бұл қазақстандық үшін кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жек болмақ.
Спортшы нақты күнін атаған жоқ, бірақ Ангелина жекпе-жек келесі айда өтетінін айтты.
«Бір айдан кейін менің карьерамдағы 12-ші жекпе-жек өтеді және ол титулдық жекпе-жек болады. Жаңа елде Қазақстанның туын көтеремін», — деп жазды Лукас Instagram парақшасында.