logo

Ангелина Лукас Таиландта жекпе-жек өткізеді

Ангелина Лукас Таиландта жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас келесі жекпе-жегінің 30 наурызда болатынын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Лукастың қарсыласы Таиландтық Танварат Саенгамит болмақ.

«Қымбатты жанкүйерлер! 30 наурызда менің мансабымдағы кезекті тоғызыншы жекпе-жегім өтеді және біз тағы да Таиландқа барамыз. Мен Танварат Саенгамжит тай боксшысынан түскен ұсынысты қабылдадым.

Бұл ұсынысты қабылдауымның себебі, әлем чемпионының беделді титулы үшін жекпе-жекке дейін тағы бір рейтингтік жекпе-жек өткізуім қажет», — деп жазды Лукас.