logo

Ангелина Лукас: Менің мақсатым – тарихқа ену

Ангелина Лукас: Менің мақсатым – тарихқа ену

IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы өтіп бара жатқан жылдың спорттық қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.

Спортшы алдымен Таразда өткен балалық шағын еске алып, қазіргі және ертеректегі суреттерімен бөлісті.

Спортшының айтуынша, бұл жыл ол үшін серпінді болды, себебі ол өзінің мансабындағы жеті тарихи жекпе-жек өткізді:

Сәуір айында WBF және WIBF нұсқалары бойынша бірден екі әлем чемпионы титулын жеңіп алды;
Қазанда IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына қол жеткізіп, көптен бергі арманын орындады.

Боксшы өз салмақ дәрежесіндегі ең мықты қарсыластармен ғана жекпе-жекке шығуға ұмтылатынын мәлімдеді.

«Менің мақсатым – тарихқа еніп, абсолютті әлем чемпионы болу», – деді ол.

Сондай-ақ, Ангелина жанкүйерлеріне спортта жаңа белестерді бағындыруды жалғастыратынына уәде берді.