logo

Анастасия Городко Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Анастасия Городко Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Жарыс барысында Городко жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді.

Шешуші жарыста қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен кездесті. Нәтижесінде америкалық спортшы басымдық танытты.

Қола медальды Лаффон иеленсе, Юлия Галышева тоғызыншы орынға, ал Аяулым Әмренова 13-орынға тұрақтады.



Күн шежіресі