Амстердамдықтардың қалпына келуі. «Аякс» - «Спарта» матчын қайдан көруге болады?

Эредивизиде чемпиондыққа қарай құйғытып бара жатқан «Аякс» соңғы турда «Утрехттен» 0:4 есебімен ойсырай жеңілді.
Енді амстердамдықтар өз жанкүйерлерінің алдында ақталу үшін бар күшін салады. Олар өз алаңында турнир кестесінде 11-орында тұрған «Спарта Роттердамды» қабылдайды.
Айта кету керек, қазір «Спарта» жеңіліссіз 7 ойындық әсерлі серия өткізуде, оның ішінде соңғы 4 ойында жеңіске жеткен.
Бірінші айналымда «Аякс» сырт алаңда Тейлор мен Траоренің голдарының арқасында «Спартаны» 2:0 есебімен жеңген болатын.
Жаңа кездесу 27 сәуір күні 17:30-да өтеді.
Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sporplustv.kz сайтынан көруге болады.