Амир Омарханов ATP рейтингінде 100-ден астам орынға көтерілді
Қазақстандық теннисші Амир Омарханов жұптық сында ITF турнирінде жеңіске жеткеннен кейін ATP рейтингінде бірден 104 орынға жоғарылап, қазіргі таңда 706-орынға жайғасты.
Сонымен қатар жұптық рейтингте Григорий Ломакин (+5) мен Денис Евсеев (+6) те өз позицияларын жақсартты. Олар елдің жұптық сындағы бірінші және екінші ракеткалары саналады.
Жекелей сында Александр Шевченко 4 орынға көтеріліп, ATP рейтингінде 88-орынға ие болды.