logo

Американың көкпар командасы Көшпенділер ойынына қатысады

Американың көкпар командасы Көшпенділер ойынына қатысады

Америкалық ковбойлар командасы Қазақстанға V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады. АҚШ құрамасының капитандары Вашингтоннан жолға шығар алдында Орталық Азия халықтарының спорттық дәстүрі жайлы Kazinform агенттіктің меншікті тілшісімен тілдескен, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Көкпар және көкбөріден «USA Kokpar Team» америкалық командасының капитаны Лэдд Хоуэлл (Ladd Howell) жылқыға бала күнінен құмар екенін және АҚШ-тағы кәсіби родео-ковбойын жақсы көретінін айтты.

Көкпар мен көкбөрі туралы алғаш 2018 жылы достары YouTube-тан видео көрсеткен кезде білген. 

«Досым маған бір видеоны көру керексің деді. Оны 5 минут қарадым да аузым ашылып қалды. Мен көрген ең керемет көрініс болды. Екі айдан соң Вайомингтегі достарымның бірі Қырғызстанда өткен ІІІ дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды. Сөйтіп алғаш 2018 жылы ойнадым және маған ұнады. Бұл мәдениет пен спорт түрі ұнайды», - деп есіне алды Лэдд Хоуэлл.

Сондай-ақ Скотт Циммерман Америкада көкпар мен басқа ойындарды насихаттауға тырысып жүргенін айтты. Оның пікірінше, бұл мәдениет көпшілікке әсіресе Батыс Америка мәдениетіндегі ковбойларға ұнауы тиіс. Сол мақсатта яғни Орталық Азия мәдениеті мен оның этникалық спорт түрлерін жақсы түсіну үшін олар көшпенділер ойындарына қатысуды жалғастыруда. Көшпенділер ойындары қиын спорт түрлері болса да, америкалықтар жарысты асыға күтеді. 



Күн шежіресі