logo

Аман Қонысбаев Қазақстанға көшіп келді

Аман Қонысбаев Қазақстанға көшіп келді

2023 жылы бокстан Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері атанған Аман Қонысбеков Қазақстанға көшіп келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Қазинформ» агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

71 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Аман Қонысбеков Қазақстан азаматы атанып, енді Түркістан облысының атынан рингке шығады.

Былтырғы Өзбекстан чемпионатында Қонысбеков жартылай финалға дейін жетіп, сол кездесуде әлем чемпионы Асадхужи Муйдинхужаевқа есе жіберген еді. Алғашқы раундта Аман қарсыласын нокдаунға жіберді, дегенмен үш раунд нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласқа берілді.



Күн шежіресі