logo

Алуа Балқыбекова: Кейде жаттығуда Назым Қызайбаймен жақсылап тұрып төбелесіп аламыз

Алуа Балқыбекова: Кейде жаттығуда Назым Қызайбаймен жақсылап тұрып төбелесіп аламыз

Sport+ телеарнасындағы «Бірге-Бір» бағдарламасының құрметті қонағы — бокстан әлем және Азия чемпионы Алуа Балқыбекова болды. Ол бағдарламада Назым Қызайбаймен арадағы бәсекелестік туралы сұраққа жауап берді:

— Назым қазір 48 келі салмақта өнер көрсетеді. Екеуіміз бір бапкерде жаттығамыз. Егер ол олимпиадалық салмақ — 50 келіге — көтерілемін десе, онда екеуіміз бәсекелес боламыз. Екеуіміздің де мақсатымыз бір, жасымыз да келіп қалды. Бапкеріміз үнемі айтады: «Әркімнің мақсаты бөлек. Егер Олимпиадаға барамын десеңдер, жолдарыңды бөгемеймін». Екеуіміз барамыз деп шешсек, бәрін спарринг шешеді. Кейде жаттығуда жақсылап тұрып төбелесіп аламыз, бірақ толықтай емес. Негізі бір-бірімізді өте қатты сыйлаймыз.

Толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыздар.



Күн шежіресі