Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті (видео)

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өнер көрсететін Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ¼ финалда И-Сюань Гуомен (Тайбэй) жұдырықтасты.
Алуа Балқыбекова алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) кем дегенде қола медаль алады.