Алматыда Roland Garros Junior Series by Renault турнирінің өңірлік іріктеу кезеңі өтеді
17–22 тамыз аралығында Алматыдағы Gorky Tennis Park-тың топырақ төсенішіндегі корттарында Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia халықаралық іріктеу турнирі өтеді. Жарыс Қазақстан теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының (ATF) қолдауымен ұйымдастырылады.
Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп, елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін Спорт күніне арналады.
Турнирге Орталық және Батыс Азия елдерінен 16 жасқа дейінгі ең үздік 16 ұл және қыз теннисші қатысады. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін Roland Garros Junior Series финалдық кезеңіне жолдама алады. Дәл сол жарыста Roland Garros 2027 жасөспірімдер турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама сарапқа салынады.
Биыл Париждің аңызға айналған топырақ корттарында өнер көрсету мүмкіндігі үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сирия, Сауд Арабиясы және Түрікменстанның жас теннисшілері бақ сынайды.
Қазақстан намысын өз алаңында Родион Трайгель, Диас Төлепбергенов, Бексұлтан Бауржанов, Иван Бондаренко, Амина Нұрмахан, Линара Булешева, Алуа Марат және Влада Кузьменко қорғайды.
Roland Garros Junior Series — Халықаралық теннис федерациясы (ITF) мен Франция теннис федерациясының (FFT) жасөспірімдер теннисін дамытуға бағытталған халықаралық жобасы. Бұл серия әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды жас теннисшілерге «Үлкен дулыға» турнирлерінің бірі саналатын жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатына (Roland Garros) қатысуға мүмкіндік береді.
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!