Алматыда алғаш рет GOLD сериясындағы падел турнирі өтеді
Қазақстанда алғаш рет паделден ең ірі халықаралық турнирлердің бірі — FIP Gold өтеді, деп хабарлайды Sport+.
ADD Padel & Table Tennis Center корттарында халықаралық турдың ең мықты ойыншылары жиналып, беделді титул мен рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.
Турнир 31 наурызда басталып, 4 сәуірге дейін жалғасады. Жарыстың жүлде қоры 50 000 еуроны құрайды.