logo

Almaty Open ATP 250 титулы үшін Медведев пен Муте таласады

Almaty Open ATP 250 титулы үшін Медведев пен Муте таласады

Теннистен Almaty Open ATP 250 турнирінің финалистері белгілі болды.

19 қазанға белгіленген шешуші матчта ресейлік Даниил Медведев (№14) пен франциялық Корентен Муте (№41) кездеседі.

Жартылай финалда Медведев сенсацияға жол бермей, аустралиялық Джеймс Даквортты (№138)  ұтты - 6:7, 6:3, 6:2. Муте жартылай финалда америкалық Алекс Михельсенді (№36) жолдан тайдырды - 7:5, 6:4.

Еске салайық, 2024 жылы финалда канадалық Габриэль Диаллоны 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңген ресейлік теннисші Карен Хачанов жеңімпаз атанды.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау