logo

Алмат Кебіспаев: Біздің жігіттердің әлем чемпионы атануға толық күш-жігері жетіп тұрған еді

Алмат Кебіспаев: Біздің жігіттердің әлем чемпионы атануға толық күш-жігері жетіп тұрған еді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Иорданиядағы U17 әлем чемпионатын қос күміс медальмен аяқтады. Команданың аға бапкері, белгілі балуан Алмат Кебіспаев біріншілікті қорытындылап, Sport Plus Qazaqstan сайтына пікірін білдірді:

«Команда төмен деңгейде күресті деп айта алмаймын. Құрамадағы он балуанның тең жартысы жартылай финалға дейін жетті. Оның ішінде екі спортшы финалға шығып, қола үшін күрескендер де болды. Балуандарымыз жақсы формада, дегенмен ақтық белдесуге шығып тұрып жеңілгені өкінішті, әрине. Финалдағы қарсыластар да осал болмады, төрешілердің де бұрмалаған сәттері болды.

Осы жас дәрежесімен жұмыс істеп жүргеніме үш жыл болды. Командаға дәрігер, массажист сынды мамандар жетіспейді. Ересектерден кем емес, күніне екі уақыт жаттығу жасайды, бірақ жүктемелерден кейінгі қалыпқа келу лайықты түрде жасалмайды. Дегенмен, біздің жігіттердің әлем чемпионы атануға толық күш-жігері жетіп тұрған еді», — деді Кебіспаев.



Күн шежіресі