logo

Әлімханұлының екі әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегінің жаңа күні белгілі болды

Әлімханұлының екі әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегінің жаңа күні белгілі болды

WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландиядан келген Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек осы күзде өтуі мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл жекпе-жек 19 қазанда АҚШ-тың Флорида штаты, Орландо қаласында өтуі ықтимал.

Бастапқыда жекпе-жек 13 шілдеде жоспарланған болатын, алайда Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға жеткізілген соң кездесу кейінге шегерілді.