Әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекте жеңілген Энтони Джошуа Дюбуаға қарағанда көп табыс тапты
21 қыркүйекте өткен жекпе-жектен кейін британдық боксшылар Энтони Джошуа мен Даниэль Дюбуа қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
IBF тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Даниэль Дюбуа мен бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек 5-раундта Дюбуа нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Британдық БАҚ мәліметінше, Джошуаға кепілді түрде 8 миллион доллар төленген, ал Дюбуа мерзімінен бұрын жеңіске жеткеніне байланысты бонустарды қоса алғанда 4,7 миллион доллар алған.
Сондай-ақ, боксшылар ақылы трансляциялардан (PPV) үлес алады. Джошуа шамамен 33,5 миллион доллар, ал Дюбуа 13,5 миллион доллар табыс табады деп күтілуде.