logo

Әлем чемпионатының екінші күні алты боксшы жеңіске жетті

Әлем чемпионатының екінші күні алты боксшы жеңіске жетті

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші күні шаршы алаңға Қазақстан құрамасының алты спортшысы шығып, барлығы жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.

Ең жеңіл салмақта Диас Берікбай алғашқы айналымда венесуэлалық боксшыдан басым түсті. Кездесу нәтижесі - 5:0. 1/8 финалда Диас Сербия спортшысымен жұдырықтасады. 75 келіде Санжарәлі Бегалиев румын боксшысын 5:0 есебімен жеңді Келесі қарсылас - Болгария боксшысы Хашем Халил. 54 келіде Бауыржан Мұратов венесуэлалық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. Бауыржан келесі кезеңде Омар Асланлымен (Әзірбайжан) кездеседі.

Қыздар арасында 52 келіде Бағжан Отынбай ширек финалға өтті. Бұл күні ол түрік боксшысын 5:0 есебімен жеңді. Келесі айналымда Мексика өкілімен кездеседі. 70 келіде Мария Сидоренко 5:0 есебімен Сербия өкілін жеңді. Осылайша ол 1/4 финалға өтті, бұл кезеңде Түркия боксшысымен кездеседі. 57 келіде Аяжан Ермек 5:0 көрсеткішімен Испания спортшысынан басым түсті. Оның келесі қарсыласы Венесуэладан.