logo

Әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Ливиямен ойнайды

Әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Ливиямен ойнайды

Бүгін, 18 қыркүйекте футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші турда Қазақстан құрамасы Ливиямен кездеседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жаһандық дода 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында болады.

Ел құрамасының бүгінгі қарсыласы әзірге әлем чемпионатында жоғары жетістігімен көзге түсе қойған жоқ. Аталған топтағы әлсіз құрамалардың бірі саналады.

Әлемдік рейтингте он бесінші орында тұр. Десе де Африка құрлығында үздіктер қатарынан көрініп келеді. 2024 жылы Африка Ұлттары кубогында қола жүлдегер атанды.

Қазірге дейін екі құрама ешқашан кездескен емес. Соған қарамастан Қазақстан аталған кездесуде басты фаворит саналып отыр. 

Ел құрамасы D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.



Күн шежіресі