logo

Александра Ле ел рекордын тіркеді

Александра Ле ел рекордын тіркеді

Нысана көздеуден аралас жұптық сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле Шымкент қаласында өтіп жатқан халықтың турнирде ел рекордын тіркеді, деп хабарлайды Sport+ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрама мергені 10 метрден винтовкамен оқ атуда 633.5 ұпай жинады. Осы тұста Александра биыл осыған жақын ұпайды Мюнхендегі Әлем Кубогының шешуші кезеңінде жинағанын айта кетейін (632 балл).

Ал осыған дейінгі үздік көрсеткіш Елизавета Безруковаға тиесілі болған (632.7 ұпай). Безрукова бұл нәтижені биыл наурызда Шымкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында көрсеткен.