Александр Зуев: «Тобылға» ауысу жүзеге аспады
Қазақстан құрамасының футболшысы Александр Зуев 2023 жылы Сербияға көшу себептері туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- 2023 жылдың күзінде сербиялық клубқа ауысу мүмкіндігі қалай пайда болды?
- Мансабымды жалғастырудың ең жақсы нұсқасын күттім. Көп уақыт өтті, болашақты анықтау керек болды. ИМТ маған ұсыныс жасады, мен оны қабылдадым. Айналамдығы жағдайды өзгерткім келді, жаңа чемпионатта өзімді сынап көргім келді. Менің ойымша, бұл жақсы тәжірибе.
- Ресейден ұсыныстар болған жоқ па?
- Болды. Кейбір клубтармен келісе алмадық, келіссөздер кезінде кейбір клубтарда өзгерістер орын алды.
- БАҚ қазақстандық «Тобыл» мен «Сочиден» қызығушылық туралы хабарланды. Мүмкін басқа да ұсыныстар болған шығар?
- Иә, аталмыш командалардан ұсыныстар болды, бірақ әр түрлі себептермен бұл жағдай жалғасын таппады. Ресей бірінші лигасынан ұсыныстар келіп түсті, Румыниялық клубтар қызығушылық танытты, — деді Зуев Матч ТВ сайтына берген сұхбатында.