logo

Александр Шевченко: Қазақстанның атынан зор мақтанышпен кортқа шығамын

Александр Шевченко: Қазақстанның атынан зор мақтанышпен кортқа шығамын

Бұдан былай Қазақстан намысын қорғайтын Александр Шевченко Қазақстан теннис федерациясының баспасөз-қызметіне берген сұхбатында азаматтығын ауыстыруы жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Қазақстанның атынан зор мақтанышпен кортқа шығамын. Ойын өрнегіммен жанкүйерді қуанта аламын деген үміттемін. Бұл ел маған сенім артты, демек оның бәрі бос емес екенін дәлелдеуге барымды саламын»

27 қаңтар күні Шевченко әлеуметтік желідегі өз парақшасында енді Қазақстан азаматттығын алғанын хабарлаған еді.