Александр Бубликтің Уимблдондағы екінші қарсыласы анықталды
Қазақстандық Александр Бублик екінші айналымда француз Артур Казомен кездеседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Казо 21 жаста, алғашқы матчта ол бес сетте бельгиялық Зизу Бергсті жеңді. Бергс іріктеу кезеңінде қазақстандық Денис Евсеевтен басым түскен еді. Казо – Бергс матчының нәтижесі 6:1, 6:4, 6:7, 6:7, 7:6.