logo

Александр Бубликтің матчы Sport Plus Qazaqstan тікелей эфирінде

Александр Бубликтің матчы Sport Plus Qazaqstan тікелей эфирінде

23-24 тамыз Нью-Йоркте UTS Cup турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әлемнің ең мықты теннисшілерінің қатарында сегіз ойынша осы түнде ширек финалда күш байқасады. Қазақстандық Александр Бублик Астана уақытымен 4:30да кортқа шығып, Стефанос Циципаспен кездеседі.

Сонымен қатар, бұл түнге 02:00 Алекс Де Минаур – Денис Шаповалов, 03:00 – Каспер Рууд – Ник Кирьос және 05:30 – Андрей Рублев – Гаэль Монфис матчтары жоспарланған.

Барлық ойындарды Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.