Александр Бублик Вашероға жеңілгенін түсіндіріп берді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Sport+.
— Өте ауыр күн болды. Кортта бар күш-жігерімді салдым, бірақ бұл да жеткіліксіз болды. Келесі жолы сәттілік біз жақта болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Рахмет, — деді спортшы.
Айта кетейік, Бублик бір күннің ішінде екі аса қиын матч өткізді: алдымен Бейбіт Жұқаевпен жұптық кездесу, одан кейін Вашероға қарсы жекелей матч ойнады. Бұл кездесулерде ол бес тай-брейк өткізді.