Александр Бублик US Open-2025 жарысын сәтті бастады

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан беделді US Open-2025 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport+.
Ол хорватиялық Марин Чиличтен (АТР рейтингінде 62-орын) басым түсіп, кездесу 6:4, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды.
Матч 1 сағат 51 минутқа созылды. Осы уақытта Бублик 16 эйс жасап, төрт қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Турнирдің екінші айналымында қазақстандық спортшы Тристан Скулкейтпен кездеседі.