logo

Александр Бублик: Құрама үшін ойын әрдайым бірінші орында

Александр Бублик: Құрама үшін ойын әрдайым бірінші орында

Бублик ұлттық құрама үшін ойындар оның мансабындағы маңызды қағидатты мәселе болып қала беретінін атап өтті, деп хабарлайды Sport+ ҚТФ-на сілтеме жасап.

— Ең алдымен, мен спортшымын және өзім туралы ойлауым керек — маған қалай ыңғайлы болса, солай істеуім қажет. Өйткені бір бөлек — құрама үшін өтетін турнирлер. Оларға бару үшін, айталық, Нью-Йорктен Кореяға 20 сағат ұшқан кездерім болды. Сонда да ешқашан шағым айтқан емеспін. Мен ел үшін ойнауым керек, өйткені бұл — менің борышым. Мен солай сезінемін және мұны өз міндетім деп санаймын. Ал ATP 250 турнирінде ойнау — менің қалауым. Егер ол менің кестеме сай келсе, ыңғайлы болса, қажет деп тапсам — қуана-қуана қатысамын. Шынымды айтсам, өз алаңымда, өз жанкүйерлерімнің алдында ойнау маған әрдайым қиын. Кейбір ойыншыларды бұл керісінше жігерлендіреді, ал мен ең үздік нәтижелерімді көбіне маған қарсы жанкүйерлік жасаған кезде көрсеттім. Мысалы, Париждегі «Мастерс» немесе «Ролан Гаррос» турнирлерінде — қарсы атмосферада мен жиі жақсырақ ойнаймын, — деді ол.

Сондай-ақ Александр жоғары деңгейдегі кәсіби ойыншы матч кезінде ерекше психологиялық күйде болуы тиіс екенін, ал жанкүйерлер бұл жағдайды бұзып жіберуі мүмкін екенін түсіндірді.

— Кез келген әрекетіңе сүйсініп жатқан адамдарды көру — әрине, жағымды. Бірақ егер сен шынымен мықты ойыншы болсаң, жалпы алғанда оны аса байқамайсың. Сен жартылай транс күйінде боласың: өзің туралы, әрбір соққы жайлы ойлайсың, өйткені кез келген ұтыс матчтың тағдырын шешуі мүмкін. Қазақстандық жанкүйерлердің алдында ойнағаныма өте қуаныштымын, бірақ соған қарамастан бар назарымды тек өзіме аударуға тырысамын, — деп қосты Бублик.



Күн шежіресі