Александр Бублик Китцбюэльдегі ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Китцбюэль қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport+.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және турнирдің бірінші нөмірлі болып іріктелген қазақстандық теннисші чемпиондық матчта әлемнің 83-ракеткасы, франциялық Кентен Галимен кездесті.
Екі сетке созылған кездесу 4:6, 6:7 (6:8) есебімен Бубликтің жеңілісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 34 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және бірде-бір брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Осылайша, Александр Бублик өткен жылы жеңіп алған Китцбюэльдегі ATP 250 турнирінің чемпиондық атағын қорғай алмады.