logo

Алан Құрманғалиевтің кезекті жеңісі

Алан Құрманғалиевтің кезекті жеңісі

Бейрутте (Ливан) үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Соңғы күні Қазақстан құрамасы қос медаль еншіледі. 19 жасқа дейінгі санатта Алан Құрманғалиев чемпион атанса, қыздар арасында Жанерке Көшкімбаева қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұған дейін Құрманғалиев 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанған еді. Сонымен қатар, Жанерке Көшкімбаева/Арнұр Оралханов, Нұрислам Қасым, Нұрдаулет Азаматұлы да жүлдегерлер қатарында. 



Күн шежіресі