logo

Айымбетовтың экс-командаласы, Еуропа чемпионы Нани мансабын аяқтады

Айымбетовтың экс-командаласы, Еуропа чемпионы Нани мансабын аяқтады

Португалия ұлттық құрамасының сапында Еуропа чемпионы атанған Луиш Нани кәсіби футбол мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

38 жастағы жартылай қорғаушының соңғы клубы «Эштрела» болды. Нани мансабы барысында «Манчестер Юнайтед», «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио», «Орландо Сити», «Венеция», «Мельбурн Виктори» және «Адана Демирспор» секілді командаларда өнер көрсетті.

Португалия құрамасымен Евро-2016-да алтын, Евро-2012-де қола жүлде және 2017 жылы Конфедерациялар Кубогында жеңіске жетті.