logo

Әйелдер арасындағы жартылай орта салмақтағы ұлылық үшін жекпе-жек. Джонас - Прайс жекпе-жегінің тікелей эфирі

Әйелдер арасындағы жартылай орта салмақтағы ұлылық үшін жекпе-жек. Джонас - Прайс жекпе-жегінің тікелей эфирі

7 наурыз күні ағылшын Наташа Джонас Уэльс өкілі Лорен Прайспен біріккен жекпе-жекте кездеседі.

Бұл жекпе-жекте әйелдер арасындағы жартылай орта салмақтағы 66,7 кг дейін WBA, WBC, IBF және The Ring белбеулері сарапқа салынады.

Жекпе-жекке шолу:

40 жастағы Наташа Джонас WBO, WBC, IBF және The Ring титулдарының иегері.
Лорен Прайс 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокста WBA, IBO және The Ring белбеулерін жеңіп алған.
Соңғы жекпе-жегінде Прайс Бекси Матеусты үшінші раундта нокаутқа түсіріп, өз белбеулерін қорғады.

Бұл кештің ерекшелігі — барлық жекпе-жектер тек әйелдер арасында өтеді

Наташа Джонас Ұлыбритания — Лорен Прайс Ұлыбритания
Жартылай орта салмақ. WBA, WBC, IBF, IBO және The Ring белбеулері сарапқа салынады

Каррисс Артингсталл Ұлыбритания — Рэйвен Чапмен Ұлыбритания
Жартылай жеңіл салмақ

Кэролайн Дюбуа Ұлыбритания — Бо Ми Ре Шин Оңтүстік Корея
Жеңіл салмақ. WBC белбеуі үшін жекпе-жек

Синди Нгамба Ұлыбритания — Кирсти Бавингтон Ұлыбритания
Бірінші орта салмақ

Хлоя Уотсон Ұлыбритания — Ясмина Запоточная Польша
Шыбын салмақ. EBU белбеуі үшін жекпе-жек

Франческа Хеннесси Ұлыбритания — Карла Камила Кампос Боливия
Екінші жеңіл салмақ

Жекпе-жек кешін тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.

Трансляция 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні, 00:00–де басталады.



Күн шежіресі