Айдар Ахметов бауырының спорттық азаматтығын өзгертуі жайлы айтып берді
ММА бойынша бес дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов 2021 жылдан бері Бахрейн атынан қатысып келе жатқан өзінің бауыры Азат Махметовтің спорттық азаматтығын ауыстырғаны туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Азат маған оның мансабын одан әрі жалғастырудың нұсқаларын табуды өтінді. Бахрейн ханзадасының көмекшісімен сөйлестім. Ханзаданың өзі осы елдің ҰОК президенті екен. Азат алғаш рет 2021 жылдың көктемінде Бахрейнге Токиода кейінге шегертілген Олимпиада ойындарына қатысуы керек еді. Өкінішке орай, пандемияға байланысты әлемдік іріктер турнирі тоқтатылды, сәйкесінше Бахрейн тарапы мәселені тоқтатуға шешті. 2022 жылдың басында мен бұл тақырыпты қайтадан көтердім, ал бахрейндітер бізді сол жылдың мамыр айында қонаққа шақырды. Бахрейн құрамасының бапкері Тони Дэвиспен келіссөздерден кейін спорттық азаматтығын ауыстыру туралы келісімшарт жасалды. Содан бері, Азат Сауд Арабиясында бүкіләлемдік жекпе-жек ойындарында жеңіске жетіп, БАӘ ашық чемпионатының чемпионы атанған. Сондай-ақ Финляндия мен Швецияда турнирлерде жеңіске жетіп, Әлем чемпионатында және Азия ойындарында өнер көрсетті», — деді Айдар Махметов Meta-ratings.kz сұхбатында.
10 наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Азат Махметов пен Сәкен Бибосынов арасында жекпе-жек өтеді.