logo

Айбек Оралбай: Жолдамаға бір қадам қалды

Айбек Оралбай: Жолдамаға бір қадам қалды

Италиядағы лицензиялық турнирдің үшінші айналымында эквадорлық Хулио Кастильо Торресті ұтқан Айбек Оралбай өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қарсыласым өте тәжірибелі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бапкерлердің тактикасымен алдап, үшінші раундта қимылдап, соққы алмасуға бармай, жарақаттанбай келесі кезеңге өту керек болды. Енді жолдамаға бір қадам қалды, алда америкалық боксшымен кездесеміз. Бір күн демалып, ағайлармен ақылдасып, тактикалық тұрғыда жақсылап дайындалып шығамыз.

92 келіде жұдырықтасатын Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллеймен кездеседі. Шешуші жекпе жек 11 наурыз күні өтеді.



Күн шежіресі